Ауа қалай ластанады?
• ауаның ластану жолдарын анықтайсың;
• ауаны тазарту шараларын білесің;
• ауаны тазартудың тірі ағзалар үшін маңызын
түсінесің.
Сен білесің бе?
Қалада отырғызылған ағаштар түтінді, шаң-тозаңды, түрлі газды ұстап қалады. Сонымен қатар олар шуды бәсеңдетеді, желдің екпініне тосқауыл болады. Бірақ олардың өзі де зардап шегеді. Қалада өсетін ағаштың ормандағы ағашқа қарағанда тіршілігі қысқа болады.