Жылуөткізгіштік деген не?
• қандай денелер жылуды жақсы өткізетінін білесің.
Сен білесің бе?
Ауасыз бос кеңістікті вакуум деп атайды. Вакуум – жылуды ең нашар өткізетін орта.
Есте сақта!
Бір денеден екінші денеге жылудың тікелей берілуі жылуөткізгіштік деп аталады. Жылуды нашар өткізетін денені жылуоқшаулағыш дейді. Металдан жасалған бұйым жылуды жақсы өткізеді.