Жер ғаламшары қандай?
• Жep бeтiнiң қaндaй болатынын бiлeсiң;
• мaтepиктep мен мұхиттapдың ерекшелігімен
танысасың.
Сен білесің бе?
Материктердің атауы олардың орналасу аймағын көрсетеді. Мысалы, Eуpaзия материгі Еуропа және Азия деген екі дүние бөлігінің бірігуінен тұрады. Ежелгі финикия тілінен аударғанда «Еуропа» сөзі «батыс», «Азия» сөзі «шығыс» деген мағына береді. Ол Еуропаның батыстан шығысқа қарай созылып жатқанын білдіреді. Ал «Аустралия» деген сөз «оңтүстік» деген мағына береді. Себебі ол Оңтүстік жартышарда орналасқан.