Жарықтың жұтылуы деген не?

• жарықтың жұтылуы туралы білесің;
• жарық жұтылуының маңызын түсінесің.

Жарықтың жұтылуы деген не?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 9

Жедел жауап

Жарықтың түсі қандай?

7 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 9

Кемпірқосақ түстерін таңда.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 9

Кемпірқосақ қалай пайда болады?

Фотосуреттерді салыстыр. Оларға не ортақ?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 9

Мәтінді оқы.

    «Ақ жарық» деген сөзді естіген боларсың. Біз күн сәулесін ақ жарық ретінде көреміз. Осы ақ жарық жеті түстен құралады. Оны ең алғаш 1672 жылы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон ашқан. Ол жарық сәулесі шыны призма арқылы өткенде жеті түске: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түстерге бөлінетінін байқаған. Кемпірқосақ та дәл осылай пайда болады. Мұнда су тамшылары призманың рөлін атқарады. Жаңбырдан кейін күн шығып, күннің сәулесі ауадағы мөлдір су тамшысы арқылы өткенде жеті түске жіктеледі.

Мәтін не туралы?

Зертте

Ақ жарық қалай пайда болады?
Қажет заттар: қатты қағаз, түрлі түсті қарындаштар, қайшы

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Картон қағаздан шаблон бойынша дөңгелек қиып алу.
2. Картон қағаздың дәл ортасын қарындаш еркін қозғалатындай етіп тесу.
3. Картон қағазды тең үшке бөліп, үш түрлі түске бояу.
4. Дөңгелектің ортасына қарындаш орнату.
5. Қарындашты бір қолымен ұстап тұрып, екінші қолымен дөңгелекті айналдырып, түстерді бақылау.
6. Нәтижені тіркеу.
7. Қорытынды жасау.

 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 9

Зерттеудің нәтижесі қандай болады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 9

Неліктен денелерді түрлі түсті етіп көреміз?

    Сонда біз денелерді неліктен түрлі түсті етіп көреміз?

    Себебі денеден жарық шағылып қана қоймайды, сонымен қатар дене жарықты жұтады. Жарық бірнеше түстен құралатындықтан, түстің біреуі денеге жұтылса, енді біреуі сол денеден шағылады. Ал біздің көзіміз денеден шағылған түсті ғана көреді.

    Айталық, қандай да бір сары түсті денеге ақ жарық келіп түсті делік. Денеден жарықтың сары түсі шағылып, басқа түстері жұтылады. Сөйтіп біз денені сары түсті етіп көреміз.

Өсімдікті жасыл түсті етіп көру үшін қай түс шағылады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 9

Неліктен бананды сары түсті етіп көресің?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 9

Гүлдің түсі қандай? Оның түсін қалай ажыраттың?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 9

Ойлан

Қара және ақ түстерді қалай көреміз?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Ақ жарық жеті түстен тұрады. Жарықтың жұтылуы мен шағылуы арқылы түстерді ажыратамыз. Сонда қара түсті және ақ түсті қалай ажыратамыз?
    Денеге келіп түскен жарық сәулесі толығымен шағылып, кері қайтады. Сондай жағдайда ақ түс көрінеді. Ал егер келіп түскен ақ жарық толық, яғни жеті түсі толығымен жұтылса, бұл дене қара түсті болып көрінеді.

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Дененің түсі мен жарық бір-бірімен тығыз байланысты. Жарық болмаса, түсті ажыра алмаймыз. Сондықтан да қараңғы бөлмеде ештеңе көрмейміз.

Есте сақта!

       Жарық сәулесі жұтылады және шағылады. Осы құбылыс нәтижесінде айналадағы денелерді көреміз әрі түсті ажыратамыз.