Заттардың қасиеті қалай өзгереді?

жаңа заттың қалай пайда болатынын білесің.

Заттардың қасиеті қалай өзгереді?

1 / 10

Темір құбыр 

Суреттерге мұқият қара. Темір құбырлар қандай өзгеріске түскен?

2 / 10

Қай суреттегі темірдің қасиеттері сақталады?  

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 10

Жану  

Майшамның және сіріңке шиінің жануы нәтижесінде қандай өзгеріс болады?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 10

Майшам мен шидің жану үдерісінде қандай заттар түзіледі?

Қағазды қалай жасайды? 

     Қағаз алу үшін ағаш сүрегін арнайы үгітеді немесе ағашты өндеуден қалған үгіндіні пайдаланады. Ағаш үгіндісіне түрлі қоспа қосып қайнатып, біртекті масса – целлюлоза алады. Одан қағаз жасайды. Міне, осылай ағаштың қасиеті өзгеріп, жаңа затқа – қағазға айналады. 

 

5 / 10

Мәтінде не туралы айтылған?

6 / 10

Мәтіндегі қағазды алу жолының сипаттамасына қай жауап нұсқасы сәйкес келеді?  

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 10

Зертте

Әрекеттердің қайсысын орындағанда ағаш жаңқасының қасиеті өзгереді?  

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 10

Эксперимент нәтижесі бойынша тұжырымдалған қорытындының қайсысы жаңа зат алу туралы?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 10

Мәтінді оқы.

    Заттар түрлі үдеріс барысында өзгеріске түседі. Кейбір үдеріс кезінде заттың күйі мен пішіні ғана өзгереді, қасиетін өзгертпейді. Мысалы, темірді балқытып, әртүрлі жаңа бұйым жасауға болады, бірақ темірге тән қасиеттер жойылмайды. Ал кейбір үдеріс кезінде зат өз қасиеттерін жоғалтады немесе өзгереді. Мысалы, темірден жасалған бұйым тот басса бүлінеді, оның темірге тән қасиеттері жойылады. Сондай-ақ заттардың шіруі, жанып, күлге айналуы, жанғанда түтін мен иіс бөлуі де оның басқа затқа айналғанына мысал бола алады.

Мәтін не туралы?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

10 / 10

Ойлан

Сұрақтарға жауап бер.
Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді? Осындай үдерістер кезінде жаңа зат түзіле ме? Жапырақтың қасиеті өзгере ме?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Ағаштың жапырағы жыл бойы өзгереді. Көктемде ағаш бүр атып, жас жапырағы пайда болады. Жазда ағаштың жапырақтары үлкейіп, жайқалып тұрады. Күзде күн сәулесі азайғандықтан, ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Қыста қар астында қалған жапырақтар шіриді. Жапырақтың шіруі – жаңа заттың түзілуі. Шірінді топыраққа сіңіп, тыңайтады. Сондай-ақ фотосинтез үдерісінде жапырақ бойында қоректік заттар түзіледі, оттек бөлінеді. Олар – жаңа заттар.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

    Мырыш, қалайы металдарын тот баспайды. Сол себепті тамақ өнеркәсібінде қолданылатын темір қалбырлардың іші-сыртына жұқалап қалайы жалатылады.