Заттар қандай болады?
• заттардың қандай түрі болатынын білесің;
• түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеті өзгеретінін түсінесің.
Сен білесің бе?
Қазақ халқы қара сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота шөбін өртеп, оның күліне жануар майын қосып қайнатқан.
Есте сақта!
Таза зат бір ғана заттан тұрады. Қоспа – әртүрлі заттардың жиынтығы.