Төменгі сатыдағы өсімдіктер
• балдырдың құрылыcымен танысасың;
• балдырдың түрлерін білесің.
Сен білесің бе?
Жеуге жарайтын балдырлар минералды заттарға, әсіресе, йодқа бай. Қоңыр балдырды (ламинария) «теңіз орамжапырағы» деп, ал жасыл балдырды (ульва) «теңіз салаты» деп атайды. Оларды тағамға пайдаланады.
ламинария
Есте сақта!
Балдырдың денесі қатпаршақ деп аталады.