Сенің өлкеңде қандай жануарлар бар?
• өз өлкеңнің жануарларын топтарға жіктеп үйренесің.
Сен білесің бе?
Ергежейлі боз қосаяқ Қазақстанда ғана тіршілік етеді. Негізінен, Арал өңірінде және Балқаш құмында кездеседі. Ол – түн жануары. Дене тұрқы шамамен 50-60 мм, салмағы 10 грамға жуық болады. Ол өсімдіктің жемісімен, дәнімен, шегірткемен, қоңызбен қоректенеді. Ал қыста ұйқыға кетеді. Бұл жануар сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Есте сақта!
Еліміздің аумағын мекендейтін жануарлар өз тіршілік ортасына бейімделген.