Пайдалы қазбалар жана ма? • қандай пайдалы қазбалар жанғыш деп аталатынын білесің;• жанғыш пайдалы қазбалардың қалай пайда болатынын түсінесің;• жанғыш пайдалы қазбалардың пайдасын білесің. Пайдалы қазбалар жана ма? 3 жауапқа дейін таңдауға болады. 1 / 9 Фотосуреттерде нелер бейнеленген? мұнай газ көмір магнит Көмір, мұнай, газ – жанғыш пайдалы қазбалар. 2 / 9 Мәтінді оқы. Көмір миллиондаған жылдар бұрын бірінің үстіне бірі құлап, нығыздалған, шіріп, тас жынысқа айналған ежелгі орман ағаштарынан пайда болған. Көмір тұрмыста отын ретінде пайдаланылады. Одан лак, сыр, пластмасса, иіссу, дәрі-дәрмек жасайтын заттар алынады. Көмірді Қарағанды мен Екібастұз кен орындарынан өндіреді. Қарағандыда шахтадан, Екібастұзда ашық әдіспен карьерлерден қазып алады. Мұнай теңіз бен мұхит астындағы тірі ағзалардың шіріген қалдығынан түзілген. Мұнайдан бензин, керосин, дизельді отын, парафин, лак, синтетикалық талшықтар және басқа да көптеген бағалы зат жасалады. Мұнай Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары аймағындағы кен орындарынан өндіріледі. Еліміздегі ең ірі мұнай кен орны – Қашаған. Ол 2000 жылы ашылды. Қашаған еліміздің батысында, Атырау қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан. Табиғи газ мұнай кен орындарынан өндіріледі. Газ шығатын ірі кен орындары – Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз. Бұл пайдалы қазбалардың шартты белгісін картадан көре аламыз. Мәтіңді тында. Мәтін не туралы? пайдалы қазбалардың бәрі жанғыш екені туралы жанғыш пайдалы қазбалар туралы Зертте Көмір қандай зат? Ресурстар: көмір кесегі, ұлғайтқыш шыны, стақан, су, балға. Зерттеу жүргізу жоспарымен таныс. 1. Ұлғайтқыш шынымен көмір кесегін (құрылымын, түсін, жылтырлығын) бақылау. 2. Көмірдің иісінің болуын анықтау. 3. Бір кесек көмірді стақандағы суға салып, ерігіштігін анықтау. 4. Көмірді балғамен ұру, қаттылығын анықтау. 5. Көмірді ұстаған саусағын бақылау немесе көмір кесегімен ақ парақтың бетіне сызып көру. 6. Нәтижелерді тіркеу. 7. Қорытынды жасау. Нәтиже 3 жауапқа дейін таңдауға болады. 3 / 9 Көмірді сипаттайтын сөздердің ішінен артығын тап. иіссіз түссіз аққыш ерігіш қатты қатпарлы 2 жауапқа дейін таңдауға болады. 4 / 9 Көмір Көмір туралы тұжырымдарды белгіле. ежелгі заманда бірінің үстінен бірі құлап, шіріп, нығыздалған өсімдік қалдығынан пайда болады ыстық магнаның жер бетіне шығып, суынуынан пайда болады шіріген өсімдік қалдығы шымтезекке, одан әрі қоңыр көмірге, тас көмірге айналады мұхит түбіне шөккен тірі ағзалардың қалдығынан пайда болады 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 5 / 9 Шартты белгілер Мынадай шартты белгілерді қайдан кездестіруің мүмкін? физикалық картадан пайдалы қазбалар картасынан 6 / 9 Шартты белгілердің орнына тиісті пайдалы қазбаның атауын жаз. Қарағанды мен Екібастұз кен орындарында өндіреді. Жауабы: Проверить 7 / 9 Еліміздегі ең ірі кен орны – Қашаған. Жауабы: Проверить 8 / 9 шығатын ірі кен орындары – Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз. Жауабы: Проверить Көмір – қара немесе қарасұр түсті жылтыр тас тәрізді қатты пайдалы қазба. Мұнай – әдетте, қара түсті сұйық, қоймалжың зат. Газ көзге көрінбейді және оның иісі болмайды. 9 / 9 Ойлан Еліміздің қай жерінде мұнай мен газ өндіріледі? Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр. Мұнай тірі ағзалардың қалдықтарының мұхит түбіне шөгуінен пайда болады. Қазақстанның физикалық картасын зерделеп мұнай өндіруі мүмкін екенін болжауға болады. Мысалы, мұнай Қазақстанның батыс жағында болуы мүмкін, себебі Батыс Қазақстан бедері жазықты болып келеді және ол жерде теңіз бар. Сондай-ақ магмалық пайдалы қазбалардың таулы жерде, шөгінді пайдалы қазбалардың жазық жерде таралауы жиі кездесетінін білетіндіктен де осындай болжауды негіздеуге болады. Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме? ИӘ ЖОҚ Күте тұрыңыз Ваша оценка 0% Начать сначала