Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?
• тау жынысының не екенін білесің;
• жер қыртысында пайдалы қазбалардың пайда болу жолдарымен танысасың.
Сен білесің бе?
Тау жыныстарын минерал деп те атайды. Олар бір-бірінен құрамы, қасиеті, сыртқы түрі жағынан ерекшеленеді. Минералдар көбіне кристалдардан тұрады. Кристалл – көпжақты, қатты табиғи дене. Сирек кездесетін минералдарға алмаз, платина, саф күміс, графит жатады. Кең тараған минералдарды өз өлкемізде жиі кездестіреміз. Олар: дала шпаты, кварц, слюда.
Есте сақта!
Мұнай, газ, көмір, әктас, гипс, бор тірі ағзалардың қалдығынан пайда болған. Тұз, саз – суда пайда болған шөгінді тау жыныстары. Темір, мыс, алтын, күміс, гранит – магмалық тау жыныстары.