Кіші ғарыш денелері

• астероидтар мен кометалар туралы білесің;
• метеориттің не екенін білесің;
• кіші ғарыш денелерінің Жердегі тіршілікке
әсерін түсінесің.

Кіші ғарыш денелері

1 / 7

Жедел жауап

Біздің Галактикамыз қалай аталады?

2 / 7

Күн жүйесінің ғаламшарлары Күннен алыстау ретімен жазылған жолды белгіле.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 7

Мәтінді оқы.

    Түнгі аспаннан кометаны көру – сирек және есте қаларлық құбылыс. Ол Күн жүйесінің айналасында өз орбитасымен үлкен эллипс бойымен қозғалып жүреді. Күннен алыс жерде астероидтардан еш ажыратылмайды. Бірақ Күнге жақындаған сайын мұзы еріп булана бастайды да, ядроның жанында газ-тозаңды бұлт пайда болады. Оны «кома» дейді. Онан кейін Күн сәулесіне шағылысып, құйрығы жарқырайды. Сондықтан біз оны құйрығы жарқырайтын дене түрінде көреміз. Кометаның құйрығы үнемі оның артынан ілесіп жүрмейді. Күннен алыстағанда құйрығы оның алдында болады.

Мәтін не туралы?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 7

Комета

Сызбаға мұқият қара. Комета туралы тұжырымдарды оқы. Олардың қайсысы сызбадағы ақпаратқа сәйкес келеді?

Астероид

    Астероид – тас кесегінен не металл араласқан тастан тұратын кіші ғарыш денесі. Олар ғаламшар сияқты Күнді айнала қозғалады. Күн жүйесіндегі астероидтардың тығыз шоғырланған орны – Марс пен Юпитердің арасы. Оны астероидтар белдеуі деп атайды. Жай көзбен көруге болатын ең ірі астероид Веста деп аталады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 7

Модель жаса

Балалар астероидтар белдеуінің моделін жасады.

Астероидтар белдеуі қай ғаламшарлардың арасында орналасқан?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 7

Астероид па? Метеор ма? Метеорит пе?

Жерге құлап түскен аспан денесі қалай аталады?

    Диаметрі он километрден асатын астероидпен соқтығысу – Жер үшін қауіпті. Мұндай ірі астероидтардың бәрі ғалымдарға белгілі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша олар Жермен қиылыспайтын орбитамен қозғалатындықтан, соқтығысу қаупі жоқ.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 7

Ойлан

Қандай астероидтардың атмосферадан өтіп, Жерге құлау мүмкіндігі мол: тас па әлде темір ме? Неліктен?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Астероидтардың көпшілігінің құрамы тас немесе темір болады. Металл астероидтар ауырлау болады. Олардың атмосферадан өтіп, Жерге түсуіне мүмкіндік көбірек. Тас астероидтар көбіне атмосферада жанып кетеді.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%