Қоректік тізбек түрлері

• түрлі ағзаларды қоректену түріне қарай ажырата аласың;
• қоректік тізбек құрастырып үйренесің.

Қоректік тізбек түрлері

1 / 7

Салыстыр

Қоректік тізбек қандай ортаға тән?

2 / 7

Қоректік тізбек қандай ортаға тән?

3 / 7

Мәтінді оқы.

    Жануарлар мен өсімдіктер Жер шарының барлық аймағында тіршілік етеді. Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуіне қарай тек сол ортаға ғана тән қоректік тізбек түрлері болады. Жалпақ жапырақты және аралас ормандарда жайылымдық қоректік тізбек кең таралған. Мұндай тізбектің алғашқы буынын алуан түрлі шөп, жидек, ағаш қабығы, жаңғақ пен бүршіктер құрайды. Оның келесі буынын өсімдікқоректілерден елік, бұлан, бұғы, тиін, тышқан, қояндар жалғастырады. Оларды әдетте түлкі, қасқыр, сусар, ақкіс, сілеусін, үкі сияқты жыртқыштар аулап жейді.

    Қылқан жапырақты орманға күн сәулесі аз түседі, әрі ылғал мол болады. Сондықтан оның қоректік тізбегінің бірінші буынын мүк, қына, бұталар құрайды. Оларды қорек ететін өсімдікқоректілер тізбектегі екінші буынды құрайды. Мысалы, бұғы делік. Тізбектің келесі буыны – жыртқыш жануар, яғни аю болуы мүмкін. Қоректік тізбек құруда ағзалардың тіршілік ортасының ерекшелігі мен қоректену түрі ескеріледі.

Мәтін не туралы?

Модель жаса

Берілген тіршілік орталарына сәйкес қоректік тізбектер құра.

4 / 7

Қай сөз артық?

1-жолдағы артық сөзді көрсет. 

5 / 7

«Тауық» сөзі қандай сөз? 

6 / 7

6 жолдағы ағзалардан құралған дұрыс қоректік тізбекті белгіле.

7 / 7

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Бұл сызба «Қоректік тор» деп аталады. Неліктен олай атайды деп ойлайсың? Қоректік тордың бұзылуына не себеп болуы мүмкін?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Жануарлардың қорегі әртүрлі болғандықтан, қоректік тізбегі де бірнеше түрлі болады. Бір жануар бірнеше қоректік тізбекке қатысуы мүмкін. Оның қоректік тізбектерін біріктірсе, қоректік торы құрылады. Қоректік тор қоректің жетпеуінен бұзылады.  Мысалы, маса құрып кетсе, оны қорек ететін жануарлар қорексіз қалып, жойыла бастайды. Одан басқа ауаның, судың ластануы да қоректік тізбектің бұзылуына әкеп соғады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Қоректік тізбектің тұрақтылығы тіршілік ортасының жағдайларына байланысты. Мысалы, Каспий теңізіндегі мұнай өндірісінің әсерінен ондағы қоректік тізбектің бұзылу қаупі төніп тұр.