Біз не оқып үйрендік?

• жаратылыстану пәні бойынша алған біліміңді бекітесің;
• терминдер мен ұғымдарды қайталайсың.

Қайталау. Біз не оқып үйрендік?

Негеш пен Эврика соңғы тапсырмаларын ұсынады. Оларды орындау барысында саған жыл бойы алған білімің көмектеседі.

1 / 9

Жедел жауап

Адам қоршаған ортадан ақпаратты қалай алады?

2 / 9

Литосфераның беткі қабаты қалай аталады және ол неден тұрады?

3 / 9

Жер шарының қандай ерекшелігі жыл мезгілдерінің ауысуына әсер етеді?

4 / 9

Мұхит бетінде қалқып жүрген мұзтауға қандай күштер әсер етеді?

5 / 9

Еске түсір!

Өсімдіктің тұқымын таратуға табиғат құбылыстарының қатысуын сипаттайтын сөйлемдерді белгіле.

6 / 9

Түсіндір

    Біздің Галактикамызда шамамен 100 миллиард жұлдыз бар. Ғалымдар олардың әрқайсысын тым болмағанда бір ғаламшар айналып жүр деп есептейді.
Оны ғалымдар қалай анықтайды?
    Ғалымдар қуатты телескоптар арқылы, түрлі аппараттар ұшыру арқылы Галактика жұлдыздарын бақылайды. Жұлдызды айналып жүрген қандай да бір ғаламшардың бар екені сол жұлдыздан тарайтын сәуленің қалқалануынан білінеді екен.

Жарық туралы қандай білімің осы мәселені түсінуіңе көмектеседі?

7 / 9

Ойлан

Астероидтардың құрамы пайдалы қазбалардың сарқылуының мәселесін шешуге қалай көмектесуі мүмкін?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Астероидтардың көбі тастан, темірден тұрады. Болашақта ғарыш саласын дамытып, адамзаттың тіршілігіне керекті темірді астероидтардан өндіруге болады деген пікір бар.

Мәтіндегі ойды орындау мүмкін бе?

8 / 9

Болжам жаса

Суретті қалай атауға болады?

9 / 9

Су айналымының жүруіне қандай күш қатысады?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

     Біз Жердің полюстері суық екенін, онда күн сәулесі көлбеу түсетінін білеміз. Дегенмен Антарктида Арктикаға қарағанда неліктен суық? Оның себебінің бірі – Антарктида жердегі ең биік материк. Сондай-ақ оның бетінің ауданы Арктикаға қарағанда үлкен және толығымен мұз жамылып жатыр. Ал мұз 95% күн сәулесін шағылдырады.

Есте сақта!

     Жер адам тіршілігі үшін қажет ресурстың бәрін: ауа, су, жарық, жылу, қорек береді. Атмосфера ғарыштан келетін қауіптен қорғайды. Жердің болашағы адамның қолында.