Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?

• жойылу шегінде тұрған жануарлармен танысасың;
• жануарлардың жойылуының себептерін білесің.

Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 5

Жануарлардан келген шағым хаттар

Кітапшадағы ақпаратпен таныс.
Жануарлардың жойылу себептерін анықта.

Қара дегелек

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 5

Қорегі азайды, бағалы терісі үшін көп ауланды

3 / 5

Мәтінді оқы.

    Елімізде көптеген жануар тіршілік етеді. Олардың кейбір түрінің саны жылдан-жылға артып келеді. Жануарлардың тіршілік ортасы неғұрлым қолайлы болса, олардың көбеюі соғұрлым қарқынды жүреді. Дегенмен, кейбір жануарлардың саны кеміп, жойылып кету шегінде тұрғаны белгілі. Оларға Каспий албырты, Балқаш алабұғасы, жетісулық бақатіс, барыс, сілеусін, сұр келес, қызғылт бірқазан, кіші аққу, сары көкқұтан, дала бүркіті жатады. Жануарлардың жойылуы көп жағдайда адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Шөл және шөлейт жерлерді игеру, жерді жырту, батпақты құрғату, өзен арнасын бұру, орман ағаштарын кесу жануарлардың тіршілік ортасының тарылуына алып келеді. Соның салдарынан олар басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұл олардың ұрпақ өсіріп, көбеюіне де кедергі жасайды. Тірі ағзалардың жойылуына табиғи катаклизмдер де себеп болады. Катаклизмге өрт, су тасқыны, сел, қар көшкіні сияқты табиғи апаттар жатады. Табиғи апаттар салдарынан тірі ағзалардың саны азайып, жойылу қаупі төніп тұр. Егер де тірі ағзалар саны азайса, табиғаттағы қоректік тізбектер де бұзылады. Кейбір ағзалар қорексіз қалады. Осылайша бір ағзаның жойылуы басқа ағзаларды жойылу шегіне жеткізуі мүмкін.

Мәтін не туралы?

4 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 5

Модель жаса

Қорық ұйымдастыру үшін не қажет? Өз ойыңдағы қорықтың моделін жасау үшін қажет элементтерді таңдап ал.

4 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 5

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Жануарлардың жойылуына әкелетін басты себеп не деп ойлайсың?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Жануарлардың жойылуына орман және дала өрті, орманды кесу, дала мен шалғындықты егіс үшін жырту, қала, жол және темір жол салу, батпақты құрғату, жануарларды терісі, еті, мүйізі үшін аулау себеп болады. Сонда жануарлардың жойылуына әкелетін негізгі себептің көбі адамның тіршілік және шаруашылық іс-әрекетіне байланысты екен.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Қызғылт қоқиқаз тек Қорғалжын қорығының Теңіз көлінде ғана ұя салып, жұмыртқа басады. Жұмыртқаны жарып шыққанда аппақ болатын қоқиқаздың түсі біртіндеп қызғылт түске айналады. Оған қоқиқаз қорек ететін ұсақ шаяндардың қабыршағының түсі әсер етеді