Дыбысты бәсеңдетуге бола ма?
• дыбыс қаттылығына кедергінің әсерін білесің.
Сен білесің бе?
Жарғанат адамға естілмейтін ультрадыбыс шығарады. Осы дыбыс арқылы алдындағы кедергіні анықтап, айналып өтеді. Бірақ қараңғы үңгірде үріккен жарғанат адам басына келіп соғылады. Себебі адамның шашы жарғанат жіберген ультрадыбысты жұтып қояды. Жарғанат ультрадыбыс шағылып, кері қайтпаған жерді бос кеңістік деп қалады.
Есте сақта!
Кейбір материалдар дыбыстың қаттылығын бәсеңдете алады.