Денелер суда қалай жүзеді? • денелерді суда қалай жүздіруге болатынын білесің. Денелер суда қалай жүзеді? 3 жауапқа дейін таңдауға болады. 1 / 4 Түсіндір Суреттерге мұқият қара. Не байқадың? Қай тұжырым суреттер арқылы берілетін ойға сәйкес келеді? түсі екі түрлі ермексаз үзінділерінің массасы бірдей шар тәрізді ермексаз бөлігі ауырлау, сондықтан суға бірден батып кетеді шар тәрізді дене суға бірден батады, жалпақ дене бірден батпайды шар тәрізді дененің суға жанасатын (тиетін) беті үлкен дененің суға жанасатын беті неғұрлым үлкен болса, оған соғұрлым көп кері итеруші күш әсер етеді, яғни бұл дене су бетінде қалқиды Денеге су тарапынан әсер ететін кері итеруші күш оның көлеміне байланысты болады. Егер суға батырылған дененің көлемі үлкен болса, кері итеруші күш те үлкен болады. 2 / 4 Балықтар суда қалай жүзеді? Балық судың терең түбіне де бара алады, судың бетіне де көтеріле алады. Олар оны қалай реттейді? балық торсылдағының көлемін өзгерту арқылы су ішінде төмен және жоғары қозғала алады балық өкпесінің көлемін өзгерту арқылы су ішінде төмен және жоғары қозғала алады 3 / 4 Зертте жұмыртқа суда жүзу үшін суға тұз араластыру керек жұмыртқа суда жүзу үшін су таза болуы керек Сен білесің бе? Ең алып жануарлардың бірі – кит. Оның массасы шамамен 130-150 тоннадан, ал ұзындығы 30 метрден асады. Осынша үлкен болса да, кит 800-1000 м тереңдікке дейін жетіп, мұхит бетіне шыға алады. Себебі ол мұхит бетіне көтерілу үшін өкпесін ауаға толтырады. Кит өкпесінің көлемі ұлғаяды. Осы кезде су тарапынан кері итеретін Архимед күші де артады. Ал тереңге сүңгу үшін кит өкпесіндегі ауаны шығарады. 4 / 4 Ойлан Өлі теңізде адам суға батпайды. Неліктен? Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр. Қандай суда жүзген жеңілірек деп ойлайсың: өзен суында ма, әлде теңіз суында ма? Иә, теңіз суында жүзу жеңілірек, себебі ол өзен суына қарағанда тығызырақ болады. Ал «Өлі теңіз» деген теңізді естіп пе едің? Бұл теңізде адам суға батпайды. Себебі Өлі теңіздің суы өте тұзды, сондықтан жай тұщы суға қарағанда тұзды су тығызырақ болады. Өз ойың мәтінмен сәйкес келді ме? иә жоқ КҮТУ Ваша оценка 0% Начать сначала Есте сақта! Егер сұйықтық тарапынан әсер ететін Архимед күші дененің ауырлық күшінен аз болса, дене суға батып кетеді.