Бунақденелілер қалай дамиды? •бунақденелілердің даму кезеңдерін білесің. Бунақденелілер қалай дамиды? 2 жауапқа дейін таңдауға болады. 1 / 15 Жедел жауап Бунақденелілер деген не? өрмекші тәрізді ағзалар денесі үш бунақтан тұратын жануарлар алты аяғы, мұртшасы болатын ағзалар ұша алатын жәндіктер 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 2 / 15 Олардың «бунақденелілер» деп аталуының себебі неде? аяғы үш бунақтан құралады денесі үш бунақтан тұрады олардың дамуы үш кезеңнен тұрады үш ай тіршілік етеді 2 жауапқа дейін таңдауға болады. 3 / 15 Бунақденелілерді белгіле өрмекші шыбын көбелек тарақан 4 / 15 https://e-oqulyq.nis.edu.kz/wp-content/uploads/2023/07/4-1.mp4 Мәтінді оқы. Бунақденелілердің көбі өсімдік жапырағына жұмыртқа салады. Мысалы, көбелек жұмыртқасын «жауынан» қорғау үшін жапырақтың астыңғы бетіне жасырады.Біраз күннен соң жұмыртқадан оның дернәсілі – жұлдызқұрт пайда болады. Жұлдызқұрт өсімдік жапырағымен қоректенеді. Уақыт өте келе жұлдызқұрт қоректенуін тоқтатып, қауіпсіз орынға жасырынады. Ол өсімдікке жабысып, өзінің сыртынан жібек жіпшелермен орана бастайды. Жіпшелер бір-біріне жабысып, қабыршаққа айналады. Бұл – көбелек дамуының келесі сатысы. Оны қуыршақ деп атайды. Қабыршақтың ішінде жұлдызқұрттың көбелекке айналу кезеңі жүреді. Ол толық жетілгенде қабыршақ жарылып, көбелек сыртқа шығады. Осылай көбелек тіршілігінің жаңа сатысы басталады. Енді көбелек гүл шірнесімен қоректенеді, біраз күннен соң өзі де жұмыртқа сала алады. Мәтіңді тында. Мәтін не туралы? көбелектің қоректенуі туралы бунақденелілердің тіршілік циклі туралы көбелек дамуында 4 сатыдан (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ және ересек көбелек) өтеді көбелек барлық сатыда бірдей қоректенеді Зертте Сурет сызбаларды мұқият қара. Әр бунақденелінің дамуы неше кезеңнен тұратынын жаз. Кезең санын жаз. 5 / 15 Қаңқыз Проверить Кезең санын жаз. 6 / 15 Шегіртке Проверить Көбелектің, қаңқыздың дамуы жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақденелі деген төрт саты арқылы жүреді. Ал шегіртке жұмыртқа, дернәсіл, ересек бунақденелі деген үш саты арқылы дамиды. Ересек шегіртке мен дернәсілінің түр-сипаты ұқсас болғанымен, мөлшері әртүрлі болады. 7 / 15 Көбелек Сызбаны мұқият қара. Көбелектің сипатталған әрекеті дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді? Сызбадан тиісті санды тауып, ұяшыққа жаз. Бұл кезде ол жапырақпен қоректенді. Проверить 8 / 15 Бұл кезеңде ол бір жерден екінші жерге қозғалмайды. Проверить 9 / 15 Енді ол ұша алады. Проверить 10 / 15 Көбелек жапыраққа жұмыртқалады. Проверить 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 11 / 15 Масаның дамуы Масаның даму сатыларының дұрыс ретін анықта. 1. Проверить 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 12 / 15 2. Проверить 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 13 / 15 3. Проверить 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 14 / 15 4. Проверить 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 15 / 15 Ойлан Сұраққа жауап бер. Неліктен көбелектің ұрпағы дамудың әр сатысында өзгеріп отырады? Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр. Егер ересек көбелектің өзі де, оның жұлдызқұрты да гүл шірнесімен қоректенетін болса, онда олар өзара бәсекелеседі. Бұл қоректің жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бунақденелілер ұрпағының дамуының әр сатысында әртүрлі қоректенуі олардың тіршілігін сақтауына көмектеседі. Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме? ИӘ ЖОҚ Күте тұрыңыз Ваша оценка 0% Начать сначала Сен білесің бе? Күйе көбелектің теріден, жүннен жасалған заттар мен киімдерге зияны жоқ. Бұл киімдерді оның жұмыртқасынан шыққан дернәсілдері жейді.