Ауа қалай ластанады?

• ауаның ластану жолдарын анықтайсың;
• ауаны тазарту шараларын білесің;
• ауаны тазартудың тірі ағзалар үшін маңызын
түсінесің.

Ауа қалай ластанады?

Ауа қалай ластанады?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 13

Экологиялық сурет көрмесіндегі фотосуреттерді жікте. Сурет нөмірлерін белгіле.
Ауылдық жердің суреті

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 13

Қала суреті

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 13

1-суреттегі ауа қандай?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 13

Мәтінді оқы.

    Ауаның ластануына, негізінен, адамның іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан шыққан түтін мен шаң-тозаңнан тұмша түзіледі. Ұшақтар мен зымырандар аспанға көтерілгенде және қонған кезде зиянды зат көп бөлінеді. Қаладағы мыңдаған көлік шығаратын түтін мен газ, шаң-тозаң да ауаға тарайды. Тұрмыстық қалдықтар да шіріп, ауаға зиянды заттар бөледі.
    Табиғи құбылыстар да ауаны ластайды. Мысалы, жанартаудың атқылауынан пайда болған күл мен шаң-тозаң, найзағай мен аптап ыстықтан тұтанған өрттің түтіні ауаға араласады.
    Ауаны ластанудан сақтау үшін өнеркәсіп орындарын, жылыту жүйесін қаладан не ауылдан алысырақ салады. Олардан бөлінетін улы газ бен зиянды затты сүзетін тазартқыш орнатады. Сондай-ақ қазір электрмен жүретін көлік жасау қолға алынып жатыр. Өсімдік жапырағы – шаң-тозаңды, түтін мен зиянды газды ұстап қалатын жақсы сүзгі. Сондықтан орман отырғызылады, елді мекендерде жылына екі рет – көктем мен күзде көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.

Мәтін не туралы?

Топтастыр

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 13

Көрмедегі суреттер белгілі бір тақырып бойынша орналастырылуы мүмкін. Ал мына сурет тобына қандай атау беруге болады?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 13

7-сурет өзге суреттерден несімен ерекше?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 13

6-суретте бейнеленген ауаның ластануы жолын белгіле.

Құтқарушылар

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 13

Фотосуреттерде ауаны таза сақтауға бағытталған шаралар бейнеленген. Суреттерді белгіле.
1

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 13

2

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

10 / 13

3

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

11 / 13

4

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

12 / 13

Зертте

«Өз туған өлкеңде ауа қалай ластанады?» зерттеу сұрағы бойынша жұмыс істеу үшін қажет ақпарат көздерін таңда. 

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

13 / 13

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Өз бөлмеңнің не сыныбыңның ауасы неден ластануы мүмкін?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Сыныпта ұзақ уақыт бойы желдеткішті ашпай отырса, бөлмедегі оттек мөлшері азайып, тыныс алу қиындайды, яғни ауа ластанады. Сөйтіп басымыз ауырады. Бөлме ауасы ауа тағы қалай ластануы мүмкін? Сыныпта жүгірсе, шаң көтеріледі, киімдегі кір, аяқкиім батпағы құрғаған кезде шаңға айналып, ауаға араласады. Сондықтан сыныптағы, бөлмедегі ауа таза болу үшін тазалақ сақтау маңызды. Ауыстыратын аяқ киімнің болғаны дұрыс.
Үйде де ауаны тазарту үшін желдеткішті ашу, көрпе-жастықтың шаңын қағу, кілемді шаңсорғышпен тазалау, киімді жуу, жиһаздың, еденнің, есік-терезенің шаңын сүртіп отыру қажет.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

    Қалада отырғызылған ағаштар түтінді, шаң-тозаңды, түрлі газды ұстап қалады. Сонымен қатар олар шуды бәсеңдетеді, желдің екпініне тосқауыл болады. Бірақ олардың өзі де зардап шегеді. Қалада өсетін ағаштың ормандағы ағашқа қарағанда тіршілігі қысқа болады.