Біз не оқып үйрендік?
• жаратылыстану пәні бойынша алған біліміңді бекітесің;
• терминдер мен ұғымдарды қайталайсың.
Сен білесің бе?
Біз Жердің полюстері суық екенін, онда күн сәулесі көлбеу түсетінін білеміз. Дегенмен Антарктида Арктикаға қарағанда неліктен суық? Оның себебінің бірі – Антарктида жердегі ең биік материк. Сондай-ақ оның бетінің ауданы Арктикаға қарағанда үлкен және толығымен мұз жамылып жатыр. Ал мұз 95% күн сәулесін шағылдырады.
Есте сақта!
Жер адам тіршілігі үшін қажет ресурстың бәрін: ауа, су, жарық, жылу, қорек береді. Атмосфера ғарыштан келетін қауіптен қорғайды. Жердің болашағы адамның қолында.