Денелер суда қалай жүзеді?

• денелерді суда қалай жүздіруге болатынын білесің.

Денелер суда қалай жүзеді?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 4

Түсіндір

Суреттерге мұқият қара. Не байқадың? Қай тұжырым суреттер арқылы берілетін ойға сәйкес келеді?

    Денеге су тарапынан әсер ететін кері итеруші күш оның көлеміне байланысты болады. Егер суға батырылған дененің көлемі үлкен болса, кері итеруші күш те үлкен болады.

2 / 4

Балықтар суда қалай жүзеді?

Балық судың терең түбіне де бара алады, судың бетіне де көтеріле алады. Олар оны қалай реттейді?

3 / 4

Зертте

Сен білесің бе?

    Ең алып жануарлардың бірі – кит. Оның массасы шамамен 130-150 тоннадан, ал ұзындығы 30 метрден асады. Осынша үлкен болса да, кит 800-1000 м тереңдікке дейін жетіп, мұхит бетіне шыға алады. Себебі ол мұхит бетіне көтерілу үшін өкпесін ауаға толтырады. Кит өкпесінің көлемі ұлғаяды. Осы кезде су тарапынан кері итеретін Архимед күші де артады. Ал тереңге сүңгу үшін кит өкпесіндегі ауаны шығарады.

4 / 4

Ойлан

Өлі теңізде адам суға батпайды. Неліктен?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Қандай суда жүзген жеңілірек деп ойлайсың: өзен суында ма, әлде теңіз суында ма? Иә, теңіз суында жүзу жеңілірек, себебі ол өзен суына қарағанда тығызырақ болады. Ал «Өлі теңіз» деген теңізді естіп пе едің? Бұл теңізде адам суға батпайды. Себебі Өлі теңіздің суы өте тұзды, сондықтан жай тұщы суға қарағанда тұзды су тығызырақ болады.

Өз ойың мәтінмен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Ваша оценка

0%

Есте сақта!

     Егер сұйықтық тарапынан әсер ететін Архимед күші дененің ауырлық күшінен аз болса, дене суға батып кетеді.