Архимед заңын қалай қолданады?
• Архимед заңы өмірде қалай қолданылатынын білесің;
• судың кері итеруші күшін қалай арттыруға болатынын түсінесің.
Сен білесің бе?
Суға батып кететін ағаш бар екенін білесің бе? Кавказда «шамшат» деп аталатын ағаш өседі, оны жергілікті халық «демир-ағаш» деп атайды. Себебі шамшат ағашы темірдей қатты, оларға оңайлықпен балта да батпайды, ара да өтпейді. Өзі өте ауыр болады, су бетінде қалқымайды, тас сияқты дереу су түбіне батып кетеді. Шамшаттың кейбір түрінен тіпті мәшиненің ұсақ бөлшектерін де жасайды.
Есте сақта!
Архимед күшінің әсеріне байланысты денелер сұйық бетінде қалқиды немесе сұйық ішінде жүзеді.