Ауада Архимед заңы қалай орындалады?
• Архимед заңы ауада қалай орындалатынын білесің.
Сен білесің бе?
Әуе шарының тарихы 200 жылдан астам уақытты қамтиды. Ағайынды Монгольфьелер жібек шардың ішіне ыстық ауа үрлесе, оның жоғары көтерілетінін байқайды. Көп тәжірибеден кейін олар 1783 жылы 5 маусымда ыстық ауаға толтырылған шарды ұшырады. Бұл шар – адам баласы ұшырған ең алғашқы ұшу аппараты. Ол 2 км 500 м қашықтықты ұшып өткен.