Архимед заңы қалай ашылды?

• Архимед туралы аңызбен танысасың;
• судағы дененің суды ығыстыратынын білесің.

Архимед заңы қалай ашылды?

1 / 5

Эврика!

Мәтінді оқы.

(Атақты грек математигі, физигі әрі астрономы Архимед туралы аңыз)

    Сиракуз деген ежелгі қалада Гиерон есімді патша тұрыпты. Ол әлемдегі ең керемет алтын тәж киюді армандапты. Бірде ол зергерді шақыртып алып, 10 фунт алтыннан тәж жасауды тапсырыпты. Зергер оның айтқанын орындайды. Алайда патша тәждің таза алтыннан жасалғанына күмәнданады. Ол дереу Архимедке тәждің құрамында күміс қоспасы бар- жоқтығын тексеруді тапсырады. Архимед қанша ойланса да, мұның шешімін таппайды. Бір күні Архимед ваннаға түспек болып, оны ернеуіне дейін толтырады. Ол суға отырған кезде судың біразы сыртқа асып төгіледі. Бұл жағдай оны мазалап жүрген сұрақтың шешімін тауып береді. Архимед қуанғаннан «Эврика!», «Эврика!» («Таптым!») деп айғай салыпты.

Мәтін не туралы?

2 / 5

Архимед ашқан жаңалық

Ваннадағы су неліктен ернеуінен асып төгілді?

3 / 5

Зертте

Зерттеу жұмысының соңында оқушылар мынадай
қорытындыға келуі тиіс:

4 / 5

Ақылды қарға

Қарға Архимед заңын қалай «қолданып» жатыр?

5 / 5

Ойлан

Хауызға тас тастаса, оның суының деңгейі өзгере ме?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Хауызға (бассейнге) тас тастағанда, су деңгейі көтерілгені көзге байқалмайды. Дегенмен бассейндегі су ығысады. Тасталған тастың көлемі хауыздағы судың көлемінен өте аз болғандықтан, су деңгейі байқалмайды.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

     Архимедтің ашқан жаңалығын зерттеу үшін «Архимед шелегі» деген құрал қолданылады.