Күн сәулесі жерге қалай түседі?

• Жер беті қалай қыздырылатынын білесің;
• Күн сәулесінің Жер бетіне қалай түсетінін түсінесің.

Күн сәулесі жерге қалай түседі?

1 / 5

Күннің жолы

Негеш екі апта бойы терезесінен күннің қозғалысын бақылады. Күнде таңертең бір мезгілде күннің тұрған орнын әйнекке белгіледі. Осылайша сағат сайын күннің жылжыған нүктесіне қағаз жапсырып отырды. Әр қағазға уақытын көрсетті. Бақылауының нәтижесін графикпен рәсімдеді. Графикті қара. Негеш қандай қорытындыға келді деп ойлайсың?

2 / 5

Мәтінді оқы.

    Көкжиек сызығы – жер мен аспанның шегарасын көрсететін сызық. Біз күнде таңертең Күннің шығыста көкжиектен көтеріліп, кешке қарай батыста көкжиектің астына бататынын бақылаймыз. Бұл мезгілдерді күннің шығуы және күннің батуы дейміз. Осы екі мезгілдің арасы күннің ұзақтығын құрайды.

Тәулік 24 сағатқа тең. Осы уақыт ішінде Жер өз осінен толық бір айналып шығатынын білесің. Жер өз орбитасымен Күнді де айналып қозғалады. Бұл күн мен түннің ұзақтығына әсер етеді. Күн мен түннің ұзақтығы жыл бойы үнемі 12 сағаттан болмайды. Қыста күн қысқа, түн ұзақ, ал жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Бұл Жердің осінің орбитаға көлбеу орналасуымен түсіндіріледі.

Мәтін не туралы?

3 / 5

Зертте

Астанадағы күннің ұзақтығы

Сиднейдегі (Аустралия) күннің ұзақтығы

Кесте бойынша Астана қаласындағы күннің ұзақтығы туралы не айтуға болады?

4 / 5

Сидней қаласындағы күннің ұзақтығы туралы не айтуға болады?

5 / 5

Ойлан

Жердің осі өз орбитасына тік орналасса, бұл жыл мезгілдерінің ауысуына қалай әсер етер еді?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Глобусты тік ұстап, қалташам жарығын бағыттап көруге болады. Глобусты өз осінен айналдырып, жарық түсуін бақыласа, онда бір жерде үнемі суық, бір жерде үнемі жылы болады, әрі жыл мезгілдері ауыспайды.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Есте сақта!

     Жердің осі өз орбитасына көлбеу орналасатындықтан, Күн сәулесі барлық жерге бірдей таралмайды.