Жер Күнді айналғанда не өзгереді?

• Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс болатынын білесің;
• оның табиғатқа әсерімен танысасың.

Жер Күнді айналғанда не өзгереді?

1 / 8

Бұл қандай модель?

Балалар Жер өз осінен айналған кезде Күннің сәулесі Жерді қалай жарықтандыратынын эксперимент жасап анықтауға тырысты. Күн орнына үстел шамын қолданып, шеңбер құрып, сағат тіліне қарсы бағытта баяу қозғалды. Әрқайсысы бір толық шеңбер жасады.
Бұл модельді қалай атауға болады?

2 / 8

Тәуліктің қай мезгілі?
а) «Күнге» қарсы қарап тұрған кез

3 / 8

ә) «Күн» арқаңа түсіп тұрған кез

4 / 8

Мәтінді оқы.

    Жер бетінің температурасы Күн сәулесінің қалай әрі қаншалықты түсуіне байланысты. Қыс айларында Солтүстік жартышарға Күн сәулесі аз түседі де, күн қысқа, түн ұзағырақ болады. Ал солтүстік полюсте поляр түндері басталады. Жаз айларында Солтүстік жартышар тәуліктің көп бөлігінде Күнге бұрылады. Сондықтан түн қысқарып, күн ұзарады. Бұл кезде Солтүстік полюсте поляр күндері басталады. Жер осінен айналғанда Күнге әр бүйірімен қарайды. Ол өз орбитасына сәл еңкіш орналасқандықтан, Күн сәулесі бір жартышарға тік, ал екінші жартышарға көлбеу түседі. Тік түскен кезде Күн жерді қатты қыздырады, ал көлбеу түскенде қызуы аз болады.

Мәтін не туралы?

Қосарлы айналу

Сызбаға мұқият қара. Жер қалай айналады?

    Жыл мезгілдерінің ауысуы Жер шарының барлық аймағында бірдей емес. Бұл олардың қай жартышарда орналасуына байланысты. Экватор мен солтүстік полюс арасы Солтүстік жартышарға, ал экватор мен оңтүстік полюс арасы Оңтүстік жартышарға жатады. Солтүстік жартышарда жаз болса, Оңтүстік жартышарда қыс болады.

5 / 8

Модель жаса

Балалар Жердің өз орбитасы бойымен Күнді айнала қозғалуының моделін жасады. Қолданылған заттар ненің «рөлін» атқарғанын анықта. Дұрыс жауапты белгіле.

 

6 / 8

Сәулелер жолы

Суретте Күн сәулелері Жер шарының қандай бөліктеріне түсіп тұр? Соған қарап, елімізде жылдың қай мезгілі екенін анықта.

7 / 8

Жаңа жыл

Қай елдер жаңа жылды жазда қарсы алады?

8 / 8

Ойлан

Егер Жер өз осінен айналмай, тек Күнді ғана айналып жүрсе, ғаламшарымызда не болар еді?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

Жердің бір бетінде үнемі күндіз, екінші бетінде үнемі түн болады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%