Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері

• Күн мен Айдың Жерге қалай әсер ететінін білесің;
• Жер ғарыштың жағымсыз әсерінен қалай қорғанатынын түсінесің;
• судың көтерілуі мен қайтуы туралы мағлұмат аласың.

Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері

1 / 8

Ғарыштың әсері

Негеш пен Эврика пиктограмма жасады. Онда ғарыштың Жерге әсерін көрсеткісі келді. Пиктограммаларға мұқият қара. Олар не туралы?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 8

Күн, Ай және Жер

Суреттегі ғарыш денелерінің атауын белгіле.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 8

    Барлық ғарыш денелері бір-біріне әсер етеді. Күн жұлдыз болғандықтан, жарық шығарады. Ол Жер мен Айға жарық түсіреді. Жер – ғаламшар. Ғаламшарлар Күн сәулесін шағылдырады. Ай да күн сәулесін шағылдырады.
    Жер мен Ай ғарыш кеңістігінде үнемі қозғалып жүреді. Бірақ қозғалыстары әртүрлі болады: Ай Жерді айналады, ал Жер Күнді айналады. Жер мен Айды өз орбитасында ұстап тұратын күш қалай аталады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 8

Сенімді қорғаныс

Жер ғарыштың жағымсыз әсерінен қалай қорғанады?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 8

Ай

Ай туралы қате тұжырымдарды көрсет.

Суреттерді салыстыр. Не байқадың? Бұл құбылыстың жүруіне Ай қалай әсер етуі мүмкін?

    Мұхит пен теңіз жағасының тұрғындарына судың көтерілуі мен судың қайтуы – таныс құбылыс. Бұл Ай мен Жер арасындағы тартылыс күшінің әсерінен болады. Жердің Айға қараған жағындағы ірі суқоймалардағы су Айға тартылып, көтеріледі. Ал қарсы жағындағы су деңгейі төмендейді. Жер мен Айдың қозғалуына қарай судың көтерілуі мен қайтуының орны ауысып отырады. Мұхит жағалауында су тәулігіне екі рет көтеріліп, қайтады.

Зертте

Ай қалай өзгереді?

Зерттеу барысымен таныс.
1. Бір оқушы фольгаға оралған допты ұстап тұрды.
2. Қалташамды ұстаған бала шағылған жарықты глобусқа (түрлі түсті допқа) түсетіндей етіп бағыттады.
3. Сұрақтарға жауап берді:
– Доп жарқырай ма?
– Жерге жарық неден түседі?
– Бұл жарықтың түсуіндегі Айдың рөлі қандай?
4. Глобусты айнала баяу қозғалады. Глобустың бөліктерінің жарықтануын бақылап, белгілеп отырады.
5. Қорытынды жасады.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 8

Осы зерттеудің қорытындысы не туралы болады?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 8

Зерттеуді қандай әдістермен орындалды?

8 / 8

Ойлан

Айдың арғы бетінде не бар?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Айдың бір беті Жерден көрінбейді. Оның себебі Айдың өз осінен айналу уақыты мен Жерді айналу уақыты жақын. Сондықтан Жерден қарағанда Айдың тек бір жағы ғана көрінеді. Екінші жағын ғарышкерлер Айға алғаш қонғаннан бастап суретке түсіріп, картасын жасаған. Айдың арғы бетінде де кратерлер, теңіздер, жоталар бар.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

     Күн, Ай және Жер бір сызықтың бойына келгенде, яғни жаңа ай туғанда су деңгейі ерекше қатты көтеріледі.