Электр тогын қандай денелер өткізеді?

• электр тогын өткізетін және өткізбейтін заттармен танысасың;
• түрлі материалдардың электр тогын өткізуін зерттейсің.

Электр тогын қандай денелер өткізеді?

Электр туралы не білеміз?

1 / 10

Пиктограммалардың көмегімен электр тогы туралы әңгімелеу үшін тиісті тұжырымдарды белгіле.
Электр энергиясын мына көздерден алады: су, күн, атом, жел, батарея.

2 / 10

Электр тогын қолданғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

3 / 10

Электр үйге сымдар арқылы тасымалданады. Үй ішінде электр тізбектері қолданылады.

4 / 10

Тұрмыста электрді тұтыну қажеттігі жоғары. Ол үшін электр құралдарын қолданады.

Электрик нені таңдайды?

6 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 10

Электрик пайдаланатын заттарды таңда.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 10

Таңдау жасағанда нені негізге алдың?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 10

Мәтінді оқы.

    Өз бойынан электр тогын өткізетін дене электрөткізгіш, ал өткізбейтіні электроқшаулағыш деп аталады. Электр тогын өткізбейтін оқшаулағыштарға шыны, пластмасса, фарфор және резеңке жатады. Заттардың осы қасиетін күнделікті өмірде қолданады. Мысалы, шамдардың сыртын шыныдан, ал электр құрылғыларының сырты пластмассадан жасалады. Өткізгіш сымның сыртын резеңкемен қаптайды.

Мәтін не туралы?

Өткізу және оқшаулау

    Электр сымының құрылысын сипатта. Оның қай бөлігі ток өткізеді, қайсысы оқшаулайды?
    Электр сымының ішінде мыс не алюминий сым бар, ол ток өткізеді. Сырты ток өткізбейтін резеңкемен қапталған. Осындай ток өткізбейтін денелер – изолента, эбонит, янтарь, фарфор, резеңке, пластмасса, майлар, жібек, жермай оқшаулағыштарға жатады. Ал металдар, топырақ, тұз ерітінділері, графит, адам денесі электр тогын өткізетін денелерге жатады.

    Электр тогын ең жақсы өткізетін металл – күміс. Бірақ бұл металл өте қымбат. Сондықтан электр тогын тасымалдау үшін сымды мыстан, алюминийден жасайды. Алюминий мысқа қарағанда электрді нашар өткізеді. Бірақ үйге, ғимаратқа, зауыт пен фабрикаларға электр тогын жеткізу үшін алюминийді қолданады. Себебі алюминий мысқа қарағанда арзан.

Зертте

Электрөткізгіштер мен электроқшаулағыштарды қалай анықтайды?

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Электр тізбегін жинау.
4. Бір сымды үзіп, тексерілетін денелерді кезекпен орналастыру арқылы жалғау. Шамның жануын бақылау.
5. Нәтижені тіркеу.
6. Қорытынды жасау.

Зерттеу нәтижесі

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 10

Зерттеу қорытындысындағы қате сөзді көрсет.
Қағаз қыстырғыш, шеге, бор электр тогын өткізеді. Өшіргіш, мата, ағаш, пластмасса электр тогын өткізбейді.
Қате сөз:

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 10

Зерттеу қандай әдіспен жүргізілді?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

10 / 10

Ойлан

Ауа электр тогын өткізе ме?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Ауа ток өткізетін болса, не болар еді? Онда электр сымдары қажет болмас еді, үйдегі жарық ауа арқылы жанар еді, электр техникаларын қолданбас едік. Бірақ бұл тіршілік үшін өте қауіпті, себебі бәрімізді ток соғар еді. Шын мәнінде ауа ток өткізбейді. Ал егер ауаны қатты қыздырса, ауадан электр тогының өту мүмкіндігі жоғарылайды.

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Электр тогын жақсы өткізетін заттар мен материалдар жылуды да жақсы өткізеді.

Есте сақта!

      Электр сымының ашық жерін қолмен ұстауға болмайды. Себебі сенің денең де жақсы өткізгіш болады.