Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?

• жылуөткізгіштік қасиеті туралы білесің;
• жылуөткізгіштік қасиетіне қарай денелерді қалай қолданатынын түсінесің.

Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?

1 / 8

Жылуөткізгіштігін анықта

Фотосуреттерге қара. Оларға не ортақ?

2 / 8

Асүйде

Ыдыстардың негізгі бөлігі неліктен металдан жасалған?

3 / 8

Ыдыс тұтқасын жасау үшін кейде пластик, ағаш қолданылады. Неліктен?

4 / 8

Зертте

Зерттеу сұрағы: Қандай материалдар мен заттар жылуды жақсы сақтайды?
Қажет заттар: пластик стақандар (3 кіші және 3 үлкен), газет, фольга, мақта, 3 целлофан қалта, 3 резеңке, 3 термометр

Зерттеу жоспарымен таныс.  

1.Үлкен стақанның түбіне фольганы (газетті, мақтаны) умаждап салып, ішіне кіші стақанды ернеуі бірдей етіп орналастыру. Стақандар арасындағы саңылауды фольгамен (газет, мақта) толтыру.

2. Үш стақанға жылы су құю.

3. Стақандарды целлофанмен жауып, кеңсе резеңкесімен бекіту.

4. Стақан бетіне керіліп тұрған целлофанды сәл тесіп, термометр салып, бастапқы температураны және 15 минуттан кейінгі температураны өлшеу.

5. Нәтижені тіркеу.

6. Қорытынды жасау.

Нәтижесі

Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды қандай болады?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 8

Термос

Сурет сызбаға мұқият қара. Термостың жылуды сақтау қызметін сипаттайтын тұжырымдарды белгіле.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 8

Термосқа балмұздақ салсаң не болады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 8

Мәтінді оқы.

    Ауа жылуды нашар өткізеді. Оның бұл қасиеті табиғатта да кездеседі, күнделікті өмірде де қолданылады. Мысалы, қалың жауған қар өсімдікті көрпе тәрізді қымтап, аяздан сақтайды. Ал жүн, мақта, тығын сияқты заттарды тұрмыста жиі қолданады. Олардың арасында ауа болғандықтан жылуды ұстап тұрады.
    Жылуөткізгіштігі төмен заттар мен материалдар суықтан немесе ыстықтан жақсы қорғайды. Сондай заттың бірі – май.
    Жалпы жылуды жақсы өткізеді деп саналатын қатты денелердің де жылуөткізгіштігі әртүрлі. Жылуды ең жақсы өткізетін металдар – платина, мыс, алтын, күміс, темір, алюминий. Үй жылытатын радиаторды, үтіктің табанын, асүй ыдысын жасағанда металдың жылуөткізгіштігіне басты назар аударылады.
    Қатты дене болса да, ағаштың жылуөткізгіштігі төмен. Оның себебі ағаш арасында ауа болады. Сондықтан монша жабдығын, ыдыс тұтқасын, ұстағыштарды ағаштан жасайды.

Мәтін не туралы?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 8

Ойлан

Солтүстіктегі, Антарктидадағы жылықанды жануарлар қатал табиғат жағдайында қалай тіршілік етеді?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Солтүстікте, Антарктидада тіршілік ететін жылықанды жануарлар (ақ аю, тюлень, теңіз арыстаны, теңіз мысығы, т.с.с.) қатты аязға шыдайды. Жануарлардың жүні арасында ауа болады. Бұл оларға жылу сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ бұл жануарлардың денесі майлы екені белгілі. Май жылуды нашар өткізеді. Аңдардың денесіндегі май бастан аяқ скафандр сияқты қымтап, жылуды сыртқа шығармайды.

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Металдан да жылуөткізгіштігі жоғары зат бар. Ол – алмаз.

Есте сақта!

       Денені қатты қызудан немесе салқындаудан қорғау керек болса, жылуды нашар өткізетін материал қолданылады. Ал егер қатты қыздыру немесе салқындату қажет болса, жылуөткізгіштігі жоғары материал пайдаланылады.