Судың еріткіштік қасиеті
• судың еріткіштік қасиетімен танысасың;
• ерітінділердің қолданылуы туралы білесің.
Сен білесің бе?
Күмістің емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі болған. Ата-бабаларымыз күміс ыдыспен тамақтанып, суды күміс ыдыста сақтаған. Суда күміс өте аз мөлшерде еріп, суды тазартады. Күмістелген су тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды, бактерияларды, улы заттарды жояды және асқазан-ішек жолдарын тазартады.