Заттардың қасиеті өзгере ме? • заттардың қайда қолданылатынын білесің;• заттардың қалай өзгеретінін, оған не әсер ететінін түсінесің. Заттардың қасиеті өзгере ме? 1 / 12 Жентті қалай жасайды? Негештің әжесі женттің қалай жасалатынын айтты. Сурет сызбаға қарап, жент жасау үдерісін сипатта. 1. Тарыны тазалау, жуу және кептіру 2. Тарыны қуыру Тарыны пісіру 2 / 12 3. Тарыны түю Тарыны өлшеу 3 / 12 4. Тарыны жуу Ұнтақталған тарыны елеуіштен өткізу 4 / 12 5. Ұнтақ тарыға сарымай, қант араластыру Ұнтақ тарыға қаймақ, сүт құю 6. Дайын болған өнім – жент. 3 жауапқа дейін таңдауға болады. 5 / 12 Пиктограмманы оқы Эврика әжесі дайындаған тосаптың жасалу жолын пиктограммамен бейнеледі. Құлпынай тосабын әзірлеу барысында қандай өзгерістер болды? Тұжырымдарды белгіле. су мен қант араласып, сиропқа айналды жидек қайнағаннан кейін жұмсарды су мен қант араласып, ұнтақ затқа айналды жидек қайнағаннан кейін қатты бола түсті сиропта қайнаған жидек қоймалжың затқа айналды 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 6 / 12 Үдеріс басындағы зат пен соңында алынған затты салыстыр үдерістің басындағы жидек пен тосаптың ішіндегі жидектің қасиеттері бірдей үдерістің басындағы жидек пен тосаптың ішіндегі жидектің қасиеттері әртүрлі 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 7 / 12 Мәтінді оқы. Түрлі үдеріс кезінде заттар басқа затқа өзгеруі мүмкін. Басқа зат алу үшін затты қыздыруға, ерітуге, кейде араластыруға болады. Кейбір заттар қоспаның құрамында болса да, өз қасиетін жоғалтпайды. Ал кейбіреулері басқа заттармен әрекеттесіп, өз қасиетін жоғалтуы немесе өзгертуі мүмкін. Мұндай заттар өзінің бастапқы қалпына қайтып келмейді. Осы жағдайда жаңа зат пайда болады. Адамдар заттарды қыздыру, араластыру арқылы қасиетін жақсартуды, жаңа зат алуды үйренді. Мәтіңді тында. Мәтін не туралы? зат ешқашан өз қасиетін жоғалтпайды кейбір үдеріс кезінде зат қасиетін өзгертіп, жаңа затқа айналуы мүмкін 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 8 / 12 Зертте Картоптан крахмалды қалай алады? Зерттеу жоспарымен таныс. Қажет заттар: аршылған картоп, үккіш, стақан, жылы су құйылған ыдыс, құйғы, сүзгі. Зерттеу жүргізу нұсқаулығы: 1.Аршылған картопты үккіштен өткіз. 2. Үгілген картопты жылы суға сал. 3. 2 минуттан соң стақанға құйғы мен сүзгішті орнатып, картопты сүзіп ал. 4. Стақандағы тұнбаның жоғары жағындағы суды ыдысқа құйып ал. 5. Стақан түбіндегі тұнбаны бақылап, нәтижесін тірке. 6. Қорытынды жаса. Осы зерттеудің қорытындысын белгіле. Ыдыстың түбіне тұнған ақ түсті зат картопта крахмал бар екенін көрсетті. Крахмалды қоюландырғыш қасиеті үшін тағам жасауда қолданады. 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 9 / 12 Сүттен не жасалады? Сызбаға мұқият қара. Қай кезеңде сүттің қасиеті өзгереді? сүт ашыған кезде сүтті жылытқан кезде 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 10 / 12 Дұрыс тұжырымды белгіле. құрт, май мен ірімшік бастапқы сүт қалпына айнала алмайды құрт, май мен ірімшік бастапқы сүт қалпына қайта келе алады 2 жауапқа дейін таңдауға болады. 11 / 12 Қай кезеңде жаңа зат пайда болады? ұйыту нәтижесінде (айран) сүтті айыру кезінде (май) шайға сүт қатқан кезде (сүтті шай) сүтті тоңазытқышқа қойғанда (салқын сүт) 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 12 / 12 Ойлан Сұраққа жауап бер. Заттардың қасиетін білудің қандай пайдасы бар? Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр. Күнделікті тұрмыста, өндірісте белгілі бір қасиетіне қарай түрлі зат қолданылады. Сондықтан заттардың қасиетін білудің маңызы зор. Заттың қасиетін пайдалану үшін ғана емес, тіршілік қауіпсіздігін сақтау үшін де білу керек. Себебі кейбір заттар зиянды болады. Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме? ИӘ ЖОҚ Күте тұрыңыз Ваша оценка 0% Начать сначала