Жануарларды қалай қорғауға болады?
• жойылу шегінде тұрған жануарлары қорғау жолдарын білесің;
• ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсатын түсінесің.
Сен білесің бе?
Бір кездері даламызда үйір-үйір құлан жайылатын. Сол көп құлан есепсіз аулануы себебінен жойылып кеткен еді. Кейін Түркіменстаннан қайта әкелініп, Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығында өсірілді. Сосын олар «Алтынемел» саябағына ауыстырылды. Қазір елімізді мекен ететін құлан саны 2000-ға жуық.