Неліктен әр жануардың қорегі әртүрлі болады?

• қоректенуіне қарай жануарлар қандай топтарға бөлінетінін білесің.

Неліктен әр жануардың қорегі әртүрлі болады?

1 / 9

Теректің «тұрғындары»

Суретке мұқият қара. Теректің «тұрғындарының» атауы жазылған жолды таңда. 

2 / 9

Бұл жануарлардың қорек түрі қандай?

5 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 9

Жануарлардың қорегі
Қорегі өсімдіктің тамыры, жапырағы, шырыны, қабығы, тұқымы, жемісі болатын жануарлар

4 / 9

Өсімдікті қорек ететін жануарлар тобын қалай атар едің?

5 / 9

Өзге жануарларды аулайтын жануарлар тобын қалай атар едің?

Мәтінді оқы.

    Жер бетіндегі жануарлардың бәрі бірдей қорекпен қоректенсе не болатынын елестете аласың ба? Онда барлық жануарға қорек жетер ме еді? Бұл жағдайда тірі ағзалар қорек тапшылығынан жойылып кетер еді. Табиғатта әрқашан белгілі бір тепе-теңдік сақталады. Жануарлардың әрқайсысы әртүрлі қоректенеді. Мысалы, даланы мекендейтін тышқан өсімдік дәнін, ал суыр шөпті қорек етеді. Өз кезегінде жылан тышқанды, ал сұңқар суырды жейді. Яғни жануарлар белгілі бір қорек түріне бейімделеді. Қоректену арқылы олар өз тіршілігін сақтап қалады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 9

Зертте

Жануарлар жыртқыштыққа және өсімдікпен қоректенуге қалай бейімделген?

Өсімдікқоректі жылқының сипаттамасын оқы. Жылқыны сипаттауға жарамайтын тұжырымды белгіле 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 9

Жыртқыш сілеусіннің сипаттамасын оқы. Сілеусінді сипаттауға жарамайтын тұжырымды белгіле 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 9

Мәтінді оқы.

    Жануарлар қоректену түріне қарай өсімдікқоректілер мен жыртқыштарға бөлінеді. Өсімдікқоректілерге жеміс-жидек, гүл шірнесі, жапырақ, бұтақ, сабақ, тамыр, гүл сияқты өсімдік мүшелерімен қоректенетін жануарлар жатады. Ал жануарларды қорек ететін, яғни етпен қоректенетіндерді жыртқыштар дейді.
Жануарлардың қоректенуге бейімделуіне байланысты өз ерекшеліктері болады. Мысалы, жыртқыш аңдар қорегін жұлып, кеміріп жейтіндіктен, олардың өткір әрі үшкір тісі мен мықты тырнағы болады. Жылан қорегінің мөлшеріне қарай аузын үлкейтіп, тұтастай жұта алады. Тоқылдақ ағаш діңіндегі құрттармен қоректену үшін үшкір әрі берік тұмсығы мен ұзын жабысқақ тілін пайдаланады.

Мәтін не туралы?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 9

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Өсімдікпен де, етпен де қоректене алатын жануарлар бола ма?

Мәтінмен таныс. Өз пікіріңмен салыстыр.

    Өсімдікпен де, етпен де қоректене алатын жануарлар болады. Соның бірі – аю. Қоңыр аю көбіне жидекпен, жаңғақпен, өсімдіктің тамыры, сабағы, түйнегімен қоректенеді. Кейде жәндіктерді, кемірушілерді қорек етеді. Ал ақ аю теңіз жануарларын аулайды. Сондықтан аюды қорек талғамайтын жануар дейді. Осындай қорек талғамайтын жануарларға тышқан, мысық, маймыл да жатады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Күте тұрыңыз

Ваша оценка

0%

Сен білесің бе?

          Жыртқыштар мен өсімдікқоректілердің көру қабілеті бір-бірінен ерекшеленеді. Жыртқыштар қараңғыда жақсы көреді, өсімдікқоректілерде мұндай қабілет жоқ. Жыртқыштар түсті ажырата алмайды, бірақ көзге көрінер-көрінбес қимылды байқап қояды. Ал өсімдікқоректілер түсті  жақсы ажыратады, соның арқасында жеуге жарамды қорегін тауып жейді.