Мен зерттеушімін
• зерттеуді қалай жүргізетінін білесің;
• зерттеу нәтижесін тіркеу түрлерімен танысасың.
Сен білесің бе?
Жаңалық аяқ астынан да ашылады. Швейцарлық өнертапқыш Жорж де Местраль итінің жүніне ошаған тұқымы жабысып қалғанын көрді. Тұқымның ілгектерін микроскоппен мұқият қарады. 14 жыл өткен соң тігін өнеркәсібінде жапсырма («липучка») қолданыла бастады. Оны алғашқы болып ғарышкерлер скафандрды бекітуге пайдаланды.